1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Компаниялар мен банктер

Bank RBK директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды07 қараша 2017, 15:16

Bank RBK директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

7 қарашада Алматыда акционерлер RBK банкінің Ұлттық банкі әзірлеп жатқан банк секторының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату бағдарламасына қатысуға дауыс берді. 

Сонымен қатар, осы отырыс барысында акционерлер директорлар мүшесі ретінде Торстен Полды тәуелсіз директор ретінде тағайындады. Сосын Торстен Пол "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.  

Еске салайық, осыған дейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Bank RBK жағдайы жайлы мәлімдеме жасаған еді. 

"Ұлттық банкпен жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкіметтегілер біздің барлық мемлекеттік сыңайлы секторлармен біріге отырып, проблемалық мәселелерді шешіп жатыр. Қазіргі уақытта қандай да бір нәтиже жайлы айтуға әлі ерте", - деді министр ҚР Мәжілісінде өткен үкімет сағатынан кейін.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев та Bank RBK жағдайына қатысты пікір білдірген болатын.

"Мен бұл мәселені білемін. Жақсы білемін. Онда не болғанын да білемін. Бұл жерде акционерлердің қаражат жымқыруы...", - деген еді Мемлекет басшысы.