14 қазан 2014 08:45

GoPro акциялары Михаэль Шумахердің жарақат алу себебі жайлы хабарламадан түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шлеміне экшн-камера орнатқан шаңғышы @Alpineanswers.co.uk Шлеміне экшн-камера орнатқан шаңғышы @Alpineanswers.co.uk

GoPro экшн-камерасын өндіруші акциялары "Формула-1" жарысының жеті дүркін чемпионының құлау себебі шлемінде орнатылған камерадан болуы мүмкін делінген хабарламалардан түсіп кетті, - деп хабарлайды Business Insider.


GoPro экшн-камерасын өндіруші акциялары "Формула-1" жарысының жеті дүркін чемпионының құлау себебі шлемінде орнатылған камерадан болуы мүмкін делінген хабарламалардан түсіп кетті, - деп хабарлайды Business Insider.

"Формула-1" комментаторы Жан-Луи Монсет Europe 1 радиосына берген сұхбатында "Михаэльге құлағаны емес, шлемде орнатылған GoPro камерасы қатерлі болды, ол оның миын зақымдады" деп мәлімдеді. Басылым Михаэль Шумахердің экшн-камера кесірінен жарақат алуына себепші болғаны тұңғыш рет айтылып отырмағанын, бірақ GoPro алғашқы рет аталып отырғанын жазады.

Сарапшылар шлем мен тастың арасындағы зат оның құрылымын айтарлықтай нашарлатқан деп есептейді - Михаэль Шумахердің шлемі құлаған соң сынған, ал камера бүлінбеген. Сонымен бірге, камераға түсірілген материал полицияға болған жайт туралы маңызды ақпаратты берді.

Еске сала кетейік, аты аңызға айналған 45 жастағы жарысушы, "Формула-1" жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер 2013 жылдың 29 желтоқсанында француздың Мерибель қаласында шаңғы теуіп жүріп құлап, басын тасқа соққан еді. Спортшы Гренобль қаласы госпитальдерінің бірінде комада жатты. Сәуір айында оның жағдайы түзеле бастады. Михаэль Шумахердің комадан ояну қадамдары уақыт өте келе жалғасты, ол туған-туыстарының даусын естіп, олардың жанасуын сезіне бастады.  

Михаэль Шумахер комадан 16 маусымда шықты. Ол Гренобльдегі госпитальден реабилитациялық орталыққа тік ұшақпен жеткізілді. Қазір ол үйінде ем қабылдап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети