29 сәуір 2018 13:19

Илон Маск Tesla компаниясынан кетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lenta.ru © Lenta.ru

Илон Маск Tesla компаниясынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды life.ru.


Илон Маск Tesla компаниясынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды life.ru.

Порталдың мәліметінше, Tesla компаниясының беделді акционері Маск бірнеше компаниядағы басқарушылық қызметті қатар алып жүре алмайтынын және оның өте қиын екенін айтқан.

"Tesla акционері Цзин Чжао компанияның директорлар кеңесіне Илон Маскты төрағалық орнынан тәуелсіз директор лауазымына ауыстыруды ұсынған. Чжаоның айтуынша, алдағы уақытта Маск Tesla компаниясына пайда әкеле алмайды", - делінген жарияланымда.

Акционердің ойынша, төрағалық пен директордың қызметін қатар алып жүру бастапқыда сәтті идея болған, алайда қазір емес. Айтуынша, SpaceX және The Boring Company компанияларындағы жұмысынан Масктың қолы босамайтын болған, сондықтан оның тәуелсіз директор болғаны дұрыс.

"Директорлар кеңесінің өкілдері Цзин Чжаоның пікірімен келіспеді. Олардың айтуынша, Маск кеңестің төрағасы да, компанияның басшысы да бола алады", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Илон Маск Tesla директорлар кеңесін 2004 жылдан бері басқарып келеді. Оның отставкасы талқыланатын акционерлердің жиналысы маусымда өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети