10 қараша 2015 17:30

Қайрат Сатыбалдыұлы Kaspi холдингінің акционері болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com © facebook.com

ҚР Ұлттық банкінің қаулысы негізінде "Kaspi" акционерлік қоғамына банктік холдинг дәрежесін алуға келісім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің сайтына сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық банкінің қаулысы негізінде "Kaspi" акционерлік қоғамына банктік холдинг дәрежесін алуға келісім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәлімет бойынша, "Kaspi" акционерлік қоғамы Kaspi Bank акцияларының 90 пайызының жанама иесі болады.

Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы, Михаил Ломтадзе және Baring Vostok Capital Partners халықаралық инвестициялық компаниясының басқаруындағы қорлар "Kaspi" АҚ холдингінің акционерлері мен инвесторлары болып табылады.

"Біз жаңа Kaspi холдингін құрдық. Холдингте екі жаңа акционер бар - менің ұзақ жылдардан бергі досым, серіктесім Қайрат Сатыбалдыұлы және 10 жылдан бері бизнес қалыптастырудағы серіктесім, Kaspi Bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. Қазіргі кезде Kaspi Bank холдингтің негізгі активі болып табылады және біз серіктестерімізбен бірге қызықты, инновациялық жаңа жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отырмыз", - деді Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. 

Baring Vostok Capital Partners компаниясының басқарушы серіктесі Майк Калви былай деп қосты: "Біз жаңа акционерлер мен серіктестерді, Михаил Ломтадзе мен Қайрат Сатыбалдыұлын қуана қарсы аламыз. Бұл бізге банкте немесе одан тыс жердегі біздің инновациялық қызметтерді дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиямызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біздің жоспарларымызды табысты жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктеріміз бен тәжірибеміз бар".

Айта кетейік, қазіргі таңда Қайрат Сатыбалдыұлы мен Михаил Ломтадзенің үлесі 10 пайыздан төмен. Жақын арада екі акционер де ірі қатысушы мәртебесін алуды және 10 пайыздан астам үлеске ие болуды жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети