31 қазан 2014 19:19

"Қазақмыс" тобы атауын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazminerals.com © kazminerals.com

"Қазақмыс" тобы өзінің қайта ұйымдастырылуын аяқтап, атауын өзгертті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметіндегілер хабарлады. 


"Қазақмыс" тобы өзінің қайта ұйымдастырылуын аяқтап, атауын өзгертті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметіндегілер хабарлады. 

Барлық активтерді беру шарттары қанағаттанарлық дәрежеде өткен. Сонымен 2014 жылдың 27 ақпанында жарияланған қайта ұйымдастыру жұмыстары аяқталды және бұны осы жылдың 15 тамызында тәуелсіз акционерлер мақұлдады. Сөйтіп компанияның атауы  KAZ Minerals PLC болып өзгертілді. Компанияның мәліметі бойынша бұл атау 31 қазанға белгіленген тіркеуден кейін күшіне енеді. 

"Қайта ұйымдастырудан кейін компания Шығыс Қазақстанда, Қырғызстандағы Бозымчакта өндірістік активтерін сақтап қалады. Сондай-ақ Бозшакөл, Ақтоғай және Көксайдағы өндірісті ұлғайтуға қатысты жобалар жүзеге асырылады. Ал Қарағанды, Жезқазған, Балқаштағы өндіріс алаңдары Cuprum Holding компаниясына беріледі" - делінген хабарламада. Cuprum Holding компаниясына берілген активтер "Қазақмыс" атауын сақтап қалады. 

Бұрын хабарланғандай, қайта ұйымдастыру аяқталғаннан кейін "Қазақмыс" компаниясының басқарма төрағасы Эдуард Огай директорлар кеңесінің құрамынан шығады және KAZ Minerals компаниясы қызметкерлерінің тобын басқармайтын болады. Компания атап көрсеткендей, Эдуард Огай Cuprum Holding компаниясының бас директоры болып тағайындалады. Қаржы директоры  Эндрю Саузам 1 қарашадан бастап  KAZ Minerals PLC компаниясының атқарушы директоры ретінде директорлар кеңесінің құрамына кіреді. 

KAZ Minerals PLC (бұрынғы "Қазақмыс") акциялары Лондон, Қазақстан, Гонконг қор биржаларында үлкен маңызға ие. 2013 жылы компанияның табысы 933 миллион долларды құрады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети