Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан банктері жоғары валюталық тәуекелге бейім - S&P

21 Мамыр 2014, 19:03
0

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары Қазақстанның банк секторы бойынша өз болжамдарымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жалпылай алғанда, S&P экономикадағы тәуекелдердің теңестіріліп отырғандығын байқататын қазақстандық банктердің көпшілігі бойынша рейтинг болжамына "Тұрақты" деген баға қойған.

S&P аға сарапшысы Аннет Эстің айтуынша, Қазақстанда тек екі банк жағымды болжамға ие - Еуразиялық банк және Цесна банкі. "Осы жылдағы немесе келесі екі-үш жылда рейтингтің жоғарлауына банк капиталдарының артуы ықпал етуі мүмкін. Негізінен, бұл акционерлер капиталының бірігуінен емес, табыстың өсуі есебінен орын алады" дейді ол. Сондай-ақ сарапшы рейтингісінде тәуекелі өте жоғары белгіленген Қазақстанда бір де бір  банктің жоқтығын айтады.

Оның айтуынша, көптеген банк үшін несие тәуекелі рейтингте жағымсыз фактор ретінде есептелген. "Қазақстанда қауіп-қатер тәуекелі таза бірлі-жарымды банк бар, ал басқаларында ол көрсеткіш төзімді немесе әлсіз боп сипатталады" деп атап өтеді сарапшы. Сұхбат беруші Қазақстанның 2014 жылғы несие қоржынының өсімі былтырғы жылмен сайма-сай келетінін - шамамен 15 пайыз болатынын айтады. "Тұтынушылық несиелендіру Қазақстанның Ұлттық банк тарапынан шектеу шараларына ұшырайды, оның ең шекті өсімі 30 пайыз деп белгіленген. Біз шағын, бірақ тез өсуші банктер әлі де өсуін жалғастырады деп санаймыз, бірақ олардың активтері сапасының төмендеуі белгілі бір қауіп-қатерді арттырады" - дейді Эсс.

Дегенмен Standard & Poor’s-тың "Қаржылық институттар" тобы директорының орынбасары Наталья Яловская қазақстандық банктердің валюталық тәуекел қауіп-қатері жоғары екенін айтады. "Биыл біз байқап отырғанымыздай, банктер үшін жағымсыз тренд - бұл халықтың басым бөлігі және корпоративтік тұтынушылардың депозиттегі активтерін теңгеден долларға ауыстырып салып жатқандығы. Бұл депозиттерді қабылдауға дайын банктердің оны доллар активінде орналастыруға еш мүмкіндігі жоқ, өйткені долларға бағаланған несиеге деген сұраныс та жоқ. Сәйкесінше, банктер доллар түріндегі депозитті қабылдауда, сонымен қатар несиені теңге түрінде беруде жоғары валюталық тәуекелге бой ұрады, оның салдары өздеріне абырой әпермейді" - деп түсіндіреді Яловская.

Спикердің айтуынша, 2014 жылы ақпанда жүргізілген девальвация депозит базасындағы тұрақтылықтың берекесін кетіріп, бір банктен екінші банкке жинақтарды алмастыру, жалпы Қазақстанның банк секторынан бойынан ала қашу сынды жағымсыз іс-қимылдарға жол берген. "Біз бұл жағдай реттеліп, тұрақталады деп үміттеніп отырмыз. Бірақ тұрақтану үшін банктер тарапынан үйлесімді жұмыс жүргізіліп, тағы да осындай келеңсіз жайттың орын алуын болдырмау керек" - дейді ол.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай