19 мамыр 2015 12:53

Қазақстан банктері клиентке несие беру үшін құжаттарды өздері жинақтайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kostanay.gov.kz © kostanay.gov.kz

Қазақстан банктері клиентке несие беру үшін құжаттарды өздері жинақтайтын болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Қазақстан банктері клиентке несие беру үшін құжаттарды өздері жинақтайтын болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, мұндай тәжірибе электронды үкімет порталының көмегімен жүзеге асады. Биліктегілердің айтуынша, мұндай тәсіл қарыз беру үрдісін жеңілдетіп, уақытты қысқартады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, бұл қағазбастылықтан құтқарады.

"Тәжірибе жүзінде ол былай жүзеге асады: клиент қарыз алу үшін банкке келеді. Азаматтың қолында құжаттары болмаса, қаржы ұйымының қызметкері электронды үкімет порталына сауал жолдайды. Клиент өзінің жеке кабинеті арқылы құжаттарды алуға келісімін береді. Осыдан кейін қажетті анықтаманың барлығы банктің мәліметтер базасына келіп түседі. Осы жүйенің арқасында қазақстандықтардың жеке деректері қорғалады", - дейді ол. 

Айта кетейік, мұндай жаңалық маусым айынан бастап Астанада, Алматы мен Ақтөбеде іске аса бастайды, кейін бұл инновация еліміздің барлық қаласында пайда болады. Порталмен жұмыс істеу үшін 2015 жылы маусымнан бастап Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны сақтауға арналған сим-карталар шығады. Осыдан кейін қолданушылар анықтама беру туралы банктің сауалына бірден келісім бере алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети