Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан халық банкі HSBC-ді сатып алады

26 Ақпан 2014, 15:41
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамы HSBC Bank plc. компаниясымен келісімшартқа отырды. Оған сәйкес, еліміздің ірі банкі HSBC Bank plc (HSBC) еншілес кәсіпорны - "HSBC Қазақстан банкі" АҚ-ның 100 пайыз акциясын сатып алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан халық банкі" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, аталған келісімнің арқасында Халық банкі өз ұстанымын күшейтіп, ірі ұлттық және шетелдік компанияларды банк клиенті ретінде тарта алады. Сондай-ақ "private banking" пен интернет-банкингті жан-жақты дамытуға мүмкіндік болады.

"Компанияда ("HSBC Қазақстан банкі" АҚ еншілес кәсіпорны) жұмыс істейтін қазіргі кәсіби команда келісімнің негізгі бөлігі болып саналады. Себебі біз болашақта олардың сараптамасын, білімі мен корпоративтік мәдениетін Халық банкінің компаниялар тобын дамыту барысында қолдануды көздейміз", - дейді Ү.Шаяхметова.

Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, Халық банкі "HSBC Қазақстан банкі" АҚ еншілес кәсіпорнын бөлек заңды тұлға ретінде басқаруды жоспарлап отыр.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай