26 қараша 2014 12:23

Қазақстан мен Ресейде капитализм жоқ - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Гришанков "Профессиональный разговор" студиясында. Дмитрий Гришанков "Профессиональный разговор" студиясында.

Қазақстан мен Ресейде капитализм жоқ. Жаннат Ертілесованың "Профессиональный разговор" бағдарламасына келген қонақ "Эксперт РА" рейтинг агенттігінің бас директоры Дмитрий Гришанко инвестициялық ынталандыру саласындағы өзекті мәселер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан мен Ресейде капитализм жоқ. Жаннат Ертілесованың "Профессиональный разговор" бағдарламасына келген қонақ "Эксперт РА" рейтинг агенттігінің бас директоры Дмитрий Гришанко инвестициялық ынталандыру саласындағы өзекті мәселер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2013 жылдың нәтижелеріне сәйкес, Ресейде 400 ірі кәсіпорын 10 пайызға ілгері жылжығанын анықтаған, әдетте бұл көрсеткіш жалған болған күнде де 25-30 пайызды құрайтын, демек 2013 жылы компаниялар "бір орында тұрды" және бейбітшілікпен өткен 2013 жылы Қырым да болған жоқ, мұнайдың бағасы да түскен жоқ", - деді бағдарлама қонағы. 

"Мәселе экономикалық өсімнің тежелуінде, менің ойымша, инвестицияға деген ынта жеткіліксіз болып тұр. Артық айтқандық емес, Ресей мен Қазақстандағы социализм баяғыда жойылған, ал капитализм әлі де жоқ", - деп есептейді Дмитрий Гришанков.

"Эксперт РА" рейтинг агенттігінің бас директоры Дмитрий Гришанковтың пікірінше, мемлекет дағдарыс кезінде инвестициялық талапты кеңейтіп, бұл салаға бөлінетін қаржыны ұлғайтуы тиіс.

"Бұл әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларға, автомобиль және теміржолдардың құрылысына жұмсалады, бірақ бұлайша механизмнің жүрісін реттей алмаймыз. Тізбеде мердігер компаниялар тұруы керек, бірақ бізде олай емес. Өкінішке қарай, қазақстандық экономика Ресей экономиканың кебін киіп, ірі компаниялар натуралды шаруашылық құрып алған, яғни барлығын өздері ғана істегілері келеді", - дейді бағдарлама қонағы.

Дмитрий Гришанковтың айтуынша, 2018 жылға қарай жұмыспен қамтуды 1,5 есеге ұлғайту үшін ЖІӨ-нің 30 пайызын инвестицияға салу қажет. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 21-22 пайызды құрайды. Ресей экономикасының өсімі мен ең басты тенденциялары жөнінде толығырақ білгілеріңіз келсе, "Эксперт РА" рейтинг агенттігінің бас директоры Дмиртий Гришанковтың сұхбатын бүгін 20:30-да СТВ телеарнасынан Жаннат Ертілесованың "Профессиональный разговор" бағдарламасынан көріңіздер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети