25 қыркүйек 2018 10:58

Қазақстанда рубль мен еуроға сұраныс артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда рубль мен еуроға сұраныс артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк өкілдерінің мәліметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда рубль мен еуроға сұраныс артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк өкілдерінің мәліметіне сілтеме жасап.

Банктегілердің мәілметінше, 2018 жылдың тамызында 343,9 миллиард теңгеге қолма-қол шетел валютасы (АҚШ доллары, Ресей рублі, еуро) сатып алынған.

"Бұл жазғы айларда дәстүрлі маусымдық сұранысты көрсетіп отыр. АҚШ доллары негізгі сұраныс валютасы болып табылады: оны сатып алуға шығыстардың негізгі көлемі (71,1 пайыз) жұмсалды. Ресей рублі мен еуроның үлестері тиісінше 21,0 пайыз және 7,5 пайыз болды", - деп хабарлады банк өкілдері.

Ал өткен жылғы тамызбен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасының жалпы көлемі 4,5 пайызға төмендеген.

"Қолма-қол Ресей рублін сатып алуға шығыстардың өсуі (2017 жылғы тамызбен салыстырғанда 56,2 пайызға) көп жағдайда ұлттық валюталарды сауда қарым-қатынастарында, әсіресе шекара маңындағы облыстарда пайдаланудың жандануына байланысты. Сонымен қатар қолма-қол ресейлік валютаға сұраныстың өсуі теңгенің рубльге қатысты нығаюымен түсіндіріледі, ол ағымдағы жылғы қаңтар -тамыз аралығында бір рубль үшін 5,77 теңге - 5,35 теңге аралығында 7,3 пайыз болды. Кезеңнен кезеңге еуроға сұраныс (2017 жылғы тамызбен салыстырғанда тамызда сатып алу шығыстарының өсуі 46,6 пайыз болды) жылдың жекелеген айларында ұлғая отырып, тұрақсыз болып отыр", - деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері.

Қаржы институты өкілдерінің мәліметінше, қолма-қол шетел валютасына сұраныс өткен жылдардың орташа статистикалық деңгейінде тұр және жеке тұлғалардың жеке шығыстарына (шетелге туристік сапарлар, шетелге ақша аударымдары, жинақтарды әртараптандыру) ақы төлеу қажеттілігімен, негізінен сауда қызметін жүргізетін шағын кәсіпкерліктің жекелеген санаттарының қажеттіліктерімен айқындалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети