15 маусым 2015 10:44

Қазақстанда ТБУ банкі құрылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанда ТБУ банкі құрылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда ТБУ банкі құрылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) басқарушы кеңесі Қазақстанмен Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді мақұлдады. Қазақстан мен МАГАТЭ арасында ТБУ банкін құру туралы келісімге алдын ала болжам бойынша, 2015 жылы тамыз айының соңында қол қойылады.

"Бұл күн Қазақстан үшін ерекше символдық маңызы бар. 1991 жылы дәл осы 29 тамыз күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны мәңгіге жабылған болатын. Қазақстан бастамасымен БҰҰ 29 тамыз күнін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күні деп жариялады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, басқарушылар кеңесі отырысының ашылуында сөз сөйлеген МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано ТБУ банкін құрудың маңыздылығына тоқталып, бұл бастама МАГАТЭ мүше мемлекеттері ғаламдық коммерциялық нарықта отын алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда банк отынын пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты. 

 

 
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети