06 наурыз 2014 20:12

Қазақстандықтар Bank of America акциясын биылғы жазда сатып ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bank of America. ©REUTERS Bank of America. ©REUTERS

Қазақстан қор нарығында Bank of America Corporation акцияларын саудалау 2014 жылдың бірінші жартысынан бастап жүзеге асырылмақ деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл құнды қағаздар ірі институциялық инвестор мен жеке адамдарға арналған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Freedom Finance инвестициялық компаниясының басқарма бастығы Сәкен Өсер мәлім етті. Оның айтуына қарағанда Bank of America акцияларын ашық саудаға шығаруды KASE қосымша хабарлайды. "Елдегі қор нарығына жаңа құралдар керектігін бәрі біліп отыр. Біз ондайды ірі инвестициялық банктердің қаржыгерлерінен, ұлттық компаниялардың топ менежерлерінен естиміз. Елімізде институтциялық инвесторлардың артық қаржысы және жергілікті тұрғындардың түрлі құралдарға салым салуға құлқы бар. Инвесторларға шетелдегі құнды қағаз нарығындағы сауданың ыңғайсыздығын ескере отырып жергілікті заңнамаға үйлесімді келетін құрал жасауға кірістік. Бұл ерекше нәрсе. Өйткені KASE-де АҚШ-тың ірі банктерінің акцияларын сатып ала аласыз. Оның ішінде жедел шығыстары да бар. Қазақстандағы қор брижасы мен регулятор өздері осы мәселеде көмектесті" - деді С.Өсер. 2012 жылғы Bank of America-ның бір акциясы құнының өзгеріс кестесі Жалпы, маманның айтуынша, бастапқыда Bank of America-ның акциялары төмен бағада белгіленеді. Сондай-ақ акция мөлшері де ірі көлемде сатылмайды. Шамамен көлемі жарты млн долларды құрайтын акция сатылымға шығуы мүмкін. Айта кету керек, аталмыш АҚШ банкінің акциясы 2013 жылдың қараша айында сатылымға шығады деп жоспарланған болатын Бірақ заңдық, техникалық сұрақтар толық шешілмегендіктен акцияны сатылымға шығару кейінге шегерілген болатын Bank of America Corporation бұл Америкадағы ірі қажы институты, акциясы Нью-Йорк биржасында 1895 жылдан бері саудаланады. 2012 жылы банк котриовкасы 6,5 доллардан 17 долларға дейін өскен. Капиталы 149 млрд доллар шамасында, қазіргі уақытта АҚШ-та ең төлем қабілетті жоғары банк ретінде белгіленген. "Бұл банктің Құнды қағаздары ірі институциялық инвесторларға және Қазақстандағы жеке инвесторлар үшін ұзақмерзімді салым салуға ыңғайлы" - дейді С. Өсер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети