09 ақпан 2015 19:37

Қазақстанның төлем жүйесіне Ресейде тіркелуі жөнінде шағым айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©business-vector.info ©business-vector.info

Қазақстанның төлем жүйесіне Ресей аумағында тауар белгісін белгілеу кезінде шағым айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның төлем жүйесіне Ресей аумағында тауар белгісін белгілеу кезінде шағым айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей Федерациясының зияткерлік меншік бойынша федералдық қызметі қазақстандық WOOPPAY төлем жүйесінің адресіне хат жолдады. Оған ресейлік Western Union Holding’s, Inc. компания өкілдерінің қазақстандық тауар белгісін тіркеу кезінде талаптардың бұзылғаны туралы жазған арыздары негіз болған. Олардың басым бөлігінде төлем жүйесінің атауы Ресейде 2011 жылы ақпанда шыққан WOONEO тауар белгісіне ұқсастығы айтылған. Қазақстандық компания мәліметінше, Western Union-да WOO элементі қолданылған белгілердің бүтін бір сериясы бар - WOOCARD, WOOBADGE, WOOPEOPLE, WOOWORLD, WOOKIOSK және WOOPAY (бір "P" әрпімен). Алайда америкалық ұйым Ресейде тек WOONEO-ны тіркеген.

"Біздің ойымызша, шағым түсіргендер құқықтық қорғауда ішінара бас тартылған Ресей Федерациясының зияткерлік меншік бойынша федералдық қызметінің WOOPPAY тауар белгісін тіркеу мақсатын көздеп отыр, ол өз кезегінде қазақстандық төлем жүйесінің атауына фонетикалық және визуалдық жағынан ұқсайды. (...) WOOPPAY жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ресейліктердің негіссіз шағымдарына қарамастан америкалық Western Union Holding’s, Inc. мақұлдауына қол жеткізуге тырысады", - деді қазақстандық компания өкілдері. Олардың айтуынша, отандық төлем жүйесі америкалық ұйымның арызына қарамастан, WOONEO-ға қарағанда әлемде айтарлықтай танымал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети