14 маусым 2016 09:21

Казком банкоматтары Қазақстан бойынша жұмыс істемей тұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Казкоммерцбанк" АҚ банкоматтары Қазақстан бойынша жұмыс істемеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Казкоммерцбанк" АҚ банкоматтары Қазақстан бойынша жұмыс істемеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүйе техникалық ақауларға байланысты бір сағаттай жұмыс істемеді.  "Техникалық ақау жаңа жабдықты орнатумен байланысты болды. Қазір мамандар бұл проблеманы жою үшін жұмыс істеп жатыр", - деді банк баспасөз қызметінің хатшысы Сергей Чикин.

Оның айтуынша, бұл ақауды бір сағат уақытта жояды. Сонымен қатар, Чикин клиенттерден осындай ыңғайсыздық туғаны үшін кешірім сұрады. Банктің онлайн жүйесі де жұмыс істемей тұрды.

"Басшылық өтемақы төлеу туралы шешімді қабылдайды, мүмкін бізден кешірім ретінде бонустарды көтеретін шығар. Бүгін таңғы уақытта шарттармен таныстырамыз", - деді ол. Чикиннің айтуынша, клиенттер тек өздерінің карталарындағы операцияларда бонустарын көбейте алады.

Кейінірек банктің баспасөз қызметіндегілер бұл ақаулардың Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де жойылатынын мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта банктің барлық банкоматы жұмыс істеп тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети