08 қазан 2015 14:03

"ҚазМұнайГаз" басшылығы девальвацияның ұлттық компания табысына қалай әсер еткенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mixstuff.ru © mixstuff.ru

Девальвация "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының табысына жағымды әсер етті. Бұл туралы "ЭКСПЕРТ" клубының "Самұрық-Қазына" АҚ трансформациясы тақырыбында өткізген отырысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берлібаев "ҚазМұнайГаз" компаниясының 2015 жылғы табысына жасалған болжамды айтты, сонымен қатар, ол трансформация бағдарламасының атқарған ролін атап өтті.

"Бұл сәтте екі маңызды дүние бар: біріншіден, біз операциялық шығынды қысқарттық, екіншіден, баға құлдырады және мен ашық айтамын, девальвация да әсер етті. Біз экспорттаушымыз ғой, сондықтан девальвация бізге табыс әкелді. Біз шамамен 500 миллиард теңге табыс болады деп болжап отырмыз", - деді Берлібаев.

Оның айтуына қарағанда, "ҚМГ-ның жыл сайынғы цифры шамамен мынадай - 400 миллиард теңге. Өткен жылы да осындай болған. Біз бұл деңгейді әрдайым ұстап тұрдық".

"Қазір біз осы дәліздеміз және шамамен қаламыз. Баррель бағасы - 51 доллар, егер баға 50-ден төмен болса, онда әрине, табыс көрсеткіші де өзгереді. Бірақ шамамен 400 миллиард теңге - бұл дәлізді ұстайтынымыз анық", - деді ұлттық компания басқармасы төрағасының орынбасары. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети