29 сәуір 2014 | 16:37

"ҚазМұнайГаз" KMG Kashagan B.V. акционерлері құрамынан шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kmg.kz ©kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (КМГ) KMG Kashagan B.V. ("КМГ Қашаған Б.В.") акционерлері құрамынан шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (КМГ) KMG Kashagan B.V. ("КМГ Қашаған Б.В.") акционерлері құрамынан шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі ірі мәміле жасағандығы туралы хабарланды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-қа тиесілі активтердің жиырма бес және одан көбін құрайтын сомада "ҚМГ Қашаған Б.В." ЖШҚ акционерлері құрамынан шығу бойынша келісім жасау туралы шешім қалылдады",- делінген таратылған хабарламада. 

Ұлттық компанияның хабарлауынша, бұл шешім ҚМГ Жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" АҚ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 180 бабының 3-тармағына сәйкес "ҚМГ Кашаган Б.В." ЖШЖК акционерлерінің құрамынан шығу туралы мәселені мақұлдаған жағдайда қабылданды. "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің шешімі 2014 жылғы 25-сәуірде қабылданды.

KMG Kashagan B.V. Солтүстік-Каспий жобасын жүгезе асыратын North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы акционерлерінің бірі болып табылады. KMG Kashagan B.V. 2005 жылы қазан айында "ҚазМұнайГаз" компаниясымен құрылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети