03 сәуір 2015 16:17

"Қазпошта" ауыл дүкендеріне азық-түлік жеткізуді бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz мұрағатынан © Tengrinews.kz мұрағатынан

"Қазпошта" акционерлік қоғамы пилоттық режимде "Ауылдағы дистанциялық сауда" жобасын іске қосты, жоба шеңберінде азық-түлік көтерме жеткізушілерден ауылдағы дүкендерге немесе жеке тұлғаларға пошта маршрутының желісі арқылы жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бастапқы кезең бойынша жобамен Павлодар облысының төрт аудан орталығы қамтылды.

Акцонерлік қоғамның хабарлауынша, Ақтоғай, Баянауыл, Май және Лебяжье ауданының тұрғындары 16 ақпаннан бастап жүзден аса аудандық қолданыстағы сәлемдеме алған. "Облыстың тағы 8 аудандық орталығын осы қызметпен қамту жоспарда тұр. Жобаның мақсаты - пошта маршрутының желісін қолданып облыс орталықтарындағы көтерме жеткізушілерден ауылдағы дүкендер мен жеке тұлғаларға жеткізілетін сәлемдемелердің санын арттыру. Осылайша, ауыл тұрғындары тиімді бағамен тауарды сатып алып, тауар түрінің жетіспеушілігінен зардап шекпейтін болады, көтерме жеткізушілер - көлемді арттырып, шығынды азайтады, ал ауылдағы дүкендер - тауар түрін арттырады", - деді "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіндегілер.

"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизовтың айтуынша, кәсіпорын тек жеткізгені үшін ғана ақша алады. Ол мұндай тәсілдің ауылдағы дүкен иелеріне жанармай шығарып, қалаға бармастан тауарды кешіктірмей алуына мүмкіндік беретінін түсіндірді. Тауарды каталог бойынша таңдауға болады. "Пошта көлігі онсыз да қаладан ауылға қатынайды. Біз зейнетақы мен өзге де құжаттарды тасымалдаймыз. Қалаға барған кезде біз керек нәрсенің барлығын көтерме бағамен сатып алып, алып келеміз. Ақшаны тек логистика үшін аламыз", - деді Азизов. Сонымен қатар, "Қазпошта" АҚ дәрі-дәрмек тасымалдауды жоспарлап отыр. Бірақ бұл қиындау, себебі ол үшін потенциалды серіктеспен келісімнің жасалуы талап етіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети