Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Компаниялар мен банктер

Келімбетов: ешқандай банктің қожайыны емеспін 16 сәуір 2014, 16:36

Оған "Сіз Kaspi bank-тің түпкі қожайыны емессіз бе?" деген сауал қойылды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов. ©Мансұр Хамит ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов. ©Мансұр Хамит

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов өзінің Қазақстандағы банктерге иелік ететіні туралы қауесет жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер шынымен солай болса, мен ол ақпаратты қуана-қуана растаған болар едім, бірақ мен Қазақстандағы 38 банктің ешқайсысының және Отанымыздан тыс жердегі бірде-бір банктің түпкі қожайыны емеспін. Мен бұған алаңдап жүргендердің бәрін сабырға шақырғым келеді, дегенмен маған сіздердің сұрақтарыңыз ұнады. Әсіресе, заңдастыру тұрғысынан, кәне, бақылайтын болайық", - деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Айта кетейік, оған "Сіз Kaspi bank-тің түпкі қожайыны емессіз бе?" деген сауал қойылды.

Келімбетов мұның алдында ақпан айындағы SMS-шабуылдан кейін елімізде депозиттерден 250 млрд теңгенің алынғанын айтқан болатын. Қазір оның 100 млрд-ы қайтып салынған.

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті