05 маусым 2014 22:19

Келімбетов Қазақстанда халықаралық банктердің болуын құптайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

"Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов Қазақстанда халықаралық банктердің болуын құптайды" - деп мәлімдейді Tengrinews.kz тілшісі.


"Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов Қазақстанда халықаралық банктердің болуын құптайды" - деп мәлімдейді Tengrinews.kz тілшісі.

PR-форумында Алматыда ЕАЭО-ның қаржылық орталығын құруға қатысты айтқан сөзінде, Келімбетов "бұл посткеңестік кеңістікте қазақстандық банктер үшін басымдық емес" деп атап өтті. "Ғаламдық қаржы институтарының Қазақстанда жұмыс істегенінің еш жамандығы жоқ. Мысалы "Сбербанк" соңғы жылдары технологиялық революция жасады. Әлемдік қаржы құрылымының 20-лығына кіретін институт болашақтың банкін құруды көздейді" - деді бас банкир. Сонымен қоса, ол "қазір енгізілген реформалар жайлы ахуал қалыптастыруға және банктердің шартсыз талаптар қойып, халықтың сеніміне кіруіне бағытталған" - деді.

Өз кезегінде "Сбербанк" АҚ ЕБ басқармасы бастығының орынбасары Шухрат Садыров "Сбербанк" халықаралық топ болып табылады және еншілес банкті басқарушы команданың алдында банкті жергілікті басқару ғана емес үлкен топ ішінде өздерін көрсете білу тапсырмасы тұр" - деп мәлімдеді. "Бұл жерде мемлекеттің беделі маңызды. Мен еншілес банктің өсуі ел экономикасының өсуін көрсетеді деп білем. Біз, әркез Қазақстанда жұмыс істеу қолайлы екенін айтып жүреміз" - дейді ол.

Сондай-ақ Келімбетов инвестиция үшін ең бастысы әріптестердің бір-біріне сенімі екенін айтады. "Мысалы, "Сбербанк" соңғы дағдарыс кезінде елдің қаржы секторына үлкен қолдау көрсетті. Біз ол үшін ризашылығымызды білдіреміз" - деп қосты Келімбетов.

Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы Қазақстанның бренд ретінде мүмкіншілігі көп деп санайды. "Сәтті бренд тамырын тереңге жіберуі тиіс. Қазақстанның 20 жылдық тарихы жағымды, жалпы тарихы - бірегей, ол өзіне көп дүние жинады, оны пайдаланбау күнә. Біздің күшті жақтарымыз  - ашықтық, төзімділік, қонақжайлылық" - деді ол Алматыда өткен PR-форумында.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети