19 мамыр 2014 19:13

Қытай Шымкенттегі мұнай өңдейтін зауытқа миллиард доллар инвестиция салмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  сайтының тілшісі Шанхай қаласынан. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  сайтының тілшісі Шанхай қаласынан. 

Осы сапар барысында Мемлекет басшысы екіжақты маңызы зор бес құжатқа қол қойған. Сыртқы саяси ведмоства Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен декларацияны да бекітті. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік Қоғамы мен қытайлық СІТІС корпорациясы мұнай-газ секторы мен тау кен индустриясын дамыту бағытын жолға қоятын түсіністік пен әріптестік меморандумына қол қойды. Сондай-ақ, Қазақстан Банктері мен Қытай Эксимбанкі арасындағы әріптестікті нығайтатын меморандумға да қол қойылды. Бұл құжат Шымкенттегі мұнай өндіретін "Петро Казахстан ойл продактс" ЖШС-нің жобасын қаржыландыруға септігін тигізбек. (Шымкенттегі осы мұнай өңдеуші зауытқа модернизация және реконструкция жасауға миллиард доллар қаржы бөлінбек) Аталмыш инвестиция жүзеге асқан кезде зауыт экологияға зарарсыз таза отын өндіреді және бұл өнім жылына 6 миллион тоннаға дейін жетпек.  

Сонымен қатар, банк секторын дамыту мақсатында Қазақстан мен Қытай мемлекеттік Банкі арасында келісім құжаты бекіді. Енді еліміздегі кредиттік желіге көлемі 500 миллион доллар болатын қаржы құйылмақ. Бұл қаржы бірлескен жобалар мен экономика секторының салаларына жұмсалатын болады. "ҚазМұнайГаз" АҚ мен қытайдың CNPC корпорациясы Алматы облысында мұнай-газ құбырын шығаратын зауыт салу  туралы ортақ келісімге келді. Бұл жобаға 150 миллион доллар көлемінде инвестиция келеді деп күтілуде. Жоба 2014-2016 жылдар аралығында аяқталады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети