15 қараша 2017 17:16

"Қызметкерлердің ойын-сауығы". "Халық банкінің" өкілдері ақша шашылған видеоға түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Банк фойесінде ақшаның шашылғаны түсірілген видео месенджерлер мен әлеуметтік желіде жылдам таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Банк фойесінде ақшаның шашылғаны түсірілген видео месенджерлер мен әлеуметтік желіде жылдам таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ондағы адамдар шашылған ақшаны ауада қағып алуға тырысып жүр. Видеоға түсініктеме ретінде клиенттер қағып алған ақшасының бәрін алып кете алатыны жазылған. 

Tengrinews.kz тілшісі банкке хабарласты. "Халық банкінің" өкілдері бұл науқанға банк қызметкерлері ғана қатысқанын және шашылған ақша шынайы купюра емес екенін мәлімдеді. 

"Бұл қызметкерлер үшін жасалған ойын-сауық. Бүгін қаржыгер күні, біздің банк осылай құттықтады. Басқа да ойын-сауықтар болды. Таңнан басталған. Фойеде батут қойылып, одан ақша шашылды", - дейді банк баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети