21 тамыз 2014 15:37

Мал басын сақтандыру қорын құру қаншалықты тиімді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы аптаның басында шотландиялық генетік ғалым Дж. Кларк қазақтың ет және ет өнімдеріне қатысты елең еткізерлік бір пікір білдірді. Бұл ретте Кларк былай деді: «Қазақ малының еті сапасы жағынан гендік модификацияға түспеген. Қазақтың малы таза табиғи шөптермен қоректенген. Сондықтан келешекте бұл елдің етіне және ет өніміне сұраныс өсе түседі». Сол-ақ екен, осы саланы зерттеп жүрген біраз мамандар қазақтың мал шаруашылығы саласын електен өткізуге кірісіп кетті. Мысалы, кеше Ресей экономист-сарапшысы Олег Лурьев твиттердегі парақшасында тағы да біздің елге қатысты пікірін білдірді. Лурьев мемлекетіміздің осы уақытқа дейін мал шаруашылығы саласына қатысты біршама оңды істер атқарып отырғанын, бірнеше ірі-ірі бағдарламалар қабылдағанын айта келе, бірақ біздің әлі де болса мал басын сақтандыру қорларын құруға аса мән бермей отырғанымызды алға тартты. Бұл жайттар бізді толғандырмай қоймайды. «Алаш айнасының» тілшісі отандық сарапшылардың бұған қатысты ойларын біліп мәселеге тереңдеп көруді жөн көрді.

Нақ қазір біз үшін өркендеуі, өсіп-өнуі тиіс саланың бірі мал шаруашылығы екені даусыз. Бірақ әттеген-айы бұл саланы бұғаулаған мәселелер түйіні әлі толыққанды шешілмек емес. Рас, біздің мемлекетіміз осы уақытқа дейін мал шаруашылығы саласына серпін беру мақсатында бірнеше бағдарламалар легін жасақтады. Мал басын көбейту мақсатында асыл тұқымды мал өндіру ісіне бірқатар жаңашылдықтар енгізілді, мал өсіремін деген шаруаға мемлекеттік жеңілдіктер де қарастылуда. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Десек те бұл ретте мәселенің бетін ғана сылап-сипап отырған тәріздіміз. Ал түйткілді тарқатуға тереңнен үңілуге неліктен бейқамбыз?!

Біздің қазақта «жұт айтып келмейді» деген нақыл бар. Құдай бетін әрі қылсын, бірақ біз сол айтып келмейтін жұттан сақтана алып отырмыз ба?! Басқа сала өз алдына тек мал шаруашылығына қатысты сөз етсек, бүгінде қазақтың малы ағын суға ағып опат болса да, дауыл соғып қақыраса да, ауруға шалдықса да шығынға ұшыраған малдың 100 пайыздық төлемін алу тым қиын. Осыдан болар ауыл шаруалары «мал бір жұттан қалмайды» деп қолындағы асырап отырған малы ақсақ-тоқсақ бола бастаса немесе қандай да бір ауруға шалдықса бірден етке өткізіп жіберуге бейіл. Мұндайда «қора-жайды, мал басын сақтандыру мәселесіне неге мән бермей отырмыз?» деген сауал өзінен-өзі туындайды...

Мысалы, бұл ретте шетелде жекелеген ұлттық сақтандыру компанияларының үлесі зор. Асыл тұқымды мал өсіруде алдына жан салмайтын Австралия мен Бразилияда бұл мәселенің тетігі әбден шешілген. Бұл аталған екі елде де арнайы мал шаруашылығын сақтандыру қорлары бар. Осы қорға елдің алпауыт ұлттық компаниялары белгілі бір пайыздық мөлшерде қаржы салып отырады да, ол қаржы малдың жем-шөбін; жайылымын, тіпті қажет болған жағдайда мал басының өз шығынын өтеуге жұмсалады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети