09 шілде 2015 16:37

Мейрамханалардың "қара тізімін" жариялау оң нәтиже берді - Ерғожин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Нotelpresident.cz © Нotelpresident.cz

Мейрамханалардың "қара тізімін" жариялау оң нәтиже берді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мейрамханалардың "қара тізімін" жариялау оң нәтиже берді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тізімде жарияланған мейрамханалардың көбі сәйкес қосымша декларацияларды тапсырып, салықтарын төледі. 200 миллион теңге өтелді, бұл сома өсетін болады. Қазір біз Алматы мен Астанадағы, облыс орталықтарындағы мейрамханаларға хронометражды тексеріс жүргізіп жатырмыз", - деді Ерғожин тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол адамдардың кей жағдайларда салықты не үшін төлеуі керектігін түсіне бермейтінін атап өтті. "Оларға даяшыларды қызметші есебінде тіркеу керектігін, адамдарды жасыруға неліктен болмайтынын басынан бастап түсіндіруге тура келеді. Клиенттерден төмендетілген чекпен төлеуді сұрамауларын да түсіндіреміз. Біртіндеп мәдениетіміз дамып келе жатыр, салықты бәрі төлейтін болады деп ойлаймыз", - деді Ерғожин.

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Дәулет Ерғожин Facebook әлеуметтік желідегі "Борьба с теневой экономикой" тобына өткен жылы бір миллион теңгеден төмен салық төлеген Алматы мейрамханаларының тізімін жариялаған болатын. Ол басқа аймақтардағы осындай мейрамханалардың тізімін жариялауға да уәде берді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети