30 сәуір 2019 16:48

Наурыз қорытындысы бойынша жеке тұлғаларды несиелеу 1,6 пайызға ұлғайған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© мail.kz © мail.kz

Банктердің экономиканы несиелеу көлемі 2019 жылғы наурыздың соңында 12 473,2 миллиард теңге болды (бір айда 0,1 пайызға азаю), - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттықбанк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Банктердің экономиканы несиелеу көлемі 2019 жылғы наурыздың соңында 12 473,2 миллиард теңге болды (бір айда 0,1 пайызға азаю), - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттықбанк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңды тұлғаларға несиелердің көлемі 7 036,9 миллиард теңгеге дейін 1,3 пайызға азайды, ал жеке тұлғаларға несиелер көлемі  5 436,3 миллиард теңгеге дейін 1,5 пайызға ұлғайды. 


Экономиканы несиелеу көлемінің серпіні

Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің несиелік портфелін есепке алмағанда, экономиканы несиелеудің жылдық өсімі 10,3 пайызды немесе 1,1 триллион теңгені болды.

Ұлттық валютамен несиелердің көлемі бір айда өзгеріссіз қалып, 10 012,3 миллиард теңге болды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға несиелер 1,7 пайызға азайды, ал жеке тұлғаларға несиелер 1,6 пайызға ұлғайды. Шетел валютасымен несиелердің көлемі 2 460,9 миллиард теңгеге дейін 0,7 пайызға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға несиелер 0,6 пайызға, ал жеке тұлғаларға несиелер 2,6 пайызға азайды. Теңгемен несиелердің үлес салмағы 2019 жылғы наурыздың соңында 80,3 пайызды болды (2019 жылғы ақпанда - 80,2 пайыз).

Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі бір айда 10 621,8 миллиард теңгеге дейін 0,3 пайызға ұлғайды, ал қысқа мерзімді несиелердің көлемі 1 851,4 миллиард теңгеге дейін 2,4 пайызға азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бір айда 2 191,3 миллиард теңгеге дейін1,2 пайызға (экономикаға несиелердің жалпы көлемінен 17,6 пайыз) ұлғайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға несиелерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі - 15,3 пайыз), сауда (13,7 пайыз), құрылыс (5,8 пайыз) және көлік (3,9 пайыз) сияқты салаларға тиесілі.

2019 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0 пайыз (2019 жылғы ақпанда - 12,4 пайыз), жеке тұлғаларға - 17,8 пайыз (18,2 пайыз) болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети