06 қазан 2014 14:03

Назарбаев: "Халықтық IPO" акциялары қарапайым адамдардың қолына тиюі керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке "Халықтық IPO" бағдарламасын іске асыру рәсімдерінің ашық жүргізілуін тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке "Халықтық IPO" бағдарламасын іске асыру рәсімдерінің ашық жүргізілуін тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықтық IPO" бағдарламасын іске асыруды жалғастыру қажет. Біз әрбір азамат "Халықтық IPO" бағдарламасына шығарылатын компаниялар акцияларын сатып алу есебінен өз жағдайларын жақсарта отырып, экономиканың өсіп келе жатқанын сезінуі үшін оған қазақстандықтарды көп қатыстыруымыз керек. Акциялар тәуелсіздік жылдары байып үлгерген ірі, пысық инвесторлардың емес, халықтың, қарапайым адамдардың қолына түсетініне сенімді отыруымыз үшін нақты ережелерді анықтауымыз қажет. Инвесторлар бұл жерде де қарпып қалғысы келеді. Үкімет, міне, осыны қадағалауы керек", - деді Президент "Самұрық-Қазына" трансформациясы форумын қорытындылай отырып.

Ол барлық рәсімнің толық жариялы түрде болуы және ақпараттардың халық үшін қолжетімді болуы қажет екендігіне назар аударды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети