05 маусым 2019 17:42

"Нұрбанк" АҚ валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 7kun.kz © 7kun.kz

"Нұрбанк" АҚ валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдай бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Нұрбанк" АҚ валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдай бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Нұрбанк" АҚ валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-пен салым шартын жасасқан. Соған байланысты 2019 жылғы 4 маусымнан бастап банк қарыз алушылардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдау процесін бастады. Соған сәйкес "Нұрбанк" АҚ салымшылары осы банкке тиісті өтінішін бере алады.

"2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық банкке халықтың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырғанын еске саламыз. Осы тапсырманы орындау үшін Ұлттық банк Басқармасы 2018 жылғы 27 наурызда Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жаңа редакцияда бекітті. Аталған Бағдарлама жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді", - делінген хабарламада.

"Қарыздар Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамымен (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгемен қайта қаржыландырылуға тиіс. Толығырақ ақпарат алу үшін салымшылар "Нұрбанк" АҚ-қа 2552 (ұялы телефоннан хабарласу тегін) не +7 727 259 97 10 нөмірлері бойынша өтініш жасай алады. Бағдарлама бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Ұлттық банкіне +7 727 261 92 45, +7 700 483 21 25 нөмірлері бойынша өтініш жасауларыңызды сұраймыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қарыз алушылардың аумақтық тиістілігіне сәйкес Қазақстан Ұлттық банкінің тиісті филиалдарына және банктерге өтініш жасауларына болады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

Филиалдардың байланыс деректемелері мына сілтеме бойынша "Байланыс деректемелері" бөлімінде қол жетімді. Бағдарламаның талаптарымен мына сілтемесі бойынша Ұлттық банктің сайтында "Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау" бөлімінде танысуға болады

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети