Нұрлан Смағұлов Mega Astana және Mega Aktobe орталықтарын сатады

01 Маусым 2016, 16:05
2
Нұрлан Смағұлов Mega Astana және Mega Aktobe орталықтарын сатады - © astana.megacenter.kz
© astana.megacenter.kz

Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов Mega Astana және Mega Aktobe ойын-сауық орталықтарын сататынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Forbes.kz тілшісіне айтып берді.

"Cатып алушы біреу. Қазір талқылап жатырмыз, бірақ біз әлі бұл ойын-сауық орталықтарын сатқан жоқпыз. Бизнесте сату - бұл ақша алынды деген сөз, ал біз ақшаны әлі алмадық. Бірақ келіссөздер жеткілікті жүргізілді. Біз басқа сатып алушыларды іздемейміз", - деп түсіндірді кәсіпкер.

Нұрлан Смағұлов сатып алушының аты-жөнін айтудан бас тартты.

"Мен оның атын атай алмаймын. Мен оның есімін, келісімшарт жасалғаннан кейін де атамаймын. Біріншіден, біз көпшілікке арналған компания емеспіз. Екіншіден, мен оның есімін жарияламау туралы келісімге қол қойып қойдым, бір тараптан келісімді бұза алмаймын. Бұл әдепсіздік. Мен қазір келісімшарттың не туралы екенін және сатып алушы туралы да айта алмаймын", - деді ол. 


Megacenter Aktobe


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай