04 шілде 2017 14:54

Qazkom басқармасынан 10 топ-менеджер кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Казкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылдың 3 шілдесіндегі шешімімен басқарманың 10 мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE сайтына сілтеме жасап.


"Казкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылдың 3 шілдесіндегі шешімімен басқарманың 10 мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE сайтына сілтеме жасап.

Ресми хабарландыруда мына тізім келтірілген: 

1) Марк Хольцман - басқарма төрағасы;
2) Искандиров Абай Мукашевич - басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
3) Амиров Рашид Утебаевич - басқарушы директор;
4) Дарменов Аскар Ахмагамбетович - басқарушы директор;
5) Ельцов Сергей Валерьевич - басқарушы директор;
6) Инебеков Мухит Кабылтаевич - басқарушы директор;
7) Каракулов Миржан Елдесович - басқарушы директор;
8) Кусаинов Ерулан Айташович - басқарушы директор;
9) Машури Давид - басқарушы директор;
10) Сулейменов Мурат Кеншимович - басқарушы директор.

Директорлар кеңесінің шешімімен басқармаға мына адамдардың мүше болып сайланғаны айтылады:

1) Ульф Вокурка - басқарма төрағасы;
2) Байжанов Улан Сапарович - басқарма төрағасының орынбасары;
3) Зданович Лариса Петровна - басқарма төрағасының орынбасары;
4) Сатубалдина Жаннат Сагандыковна - басқарма төрағасының орынбасары.

4 шілдедегі жағдай бойынша "Казкоммерцбанк" АҚ басқармасының құрамы мынадай:

1) Ульф Вокурка - басқарма төрағасы;
2) Байжанов Улан Сапарович - басқарма төрағасының орынбасары;
3) Зданович Лариса Петровна - басқарма төрағасының орынбасары;
4) Сартаев Даурен Жанкисеевич - басқарма төрағасының орынбасары;
5) Сатубалдина Жаннат Сагандыковна - басқарма төрағасының орынбасары;
6) Жагипаров Нурлан Толеужанович - басқарушы директор, басқарма мүшесі.

"Басқарманың жаңа мүшелерін сайлау Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мақұлдауына жатады", - делінген банк релизінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети