01 тамыз 2017 12:02

Qazkom директорлар кеңесіне жаңа төраға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Казкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі - "ҚКБ" немесе "банк") Директорлар кеңесінің жаңа құрамы 31 шілдеде өткен бірінші отырыстың барысында бірауыздан тәуелсіз директор Арман Дунаевты ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Казкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі - "ҚКБ" немесе "банк") Директорлар кеңесінің жаңа құрамы 31 шілдеде өткен бірінші отырыстың барысында бірауыздан тәуелсіз директор Арман Дунаевты ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің жаңа құрамы банк акционерлерінің 31 шілдедегі кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен сайланған болатын. Арман Дунаевпен бірге банктің басқару органына Сәуле Кішкімбаева, бас акционердің өкілі - Әлия Қарпыкова, тәуелсіз директорлар - Азамат Жолдасбеков пен Асқар Елемесов, сондай-ақ ҚКБ-ның басқарма төрағасы лауазымындағы Ульф Вокурка кірді.

"Мен үшін бұл үлкен құрмет әрі жаңадан даму кезеңінде елдің жүйеқұрушы банктің бірінде Директорлар кеңесін басқару үлкен кәсібилікті қажет етеді. Мемлекеттің қолдауы мен банктің негізгі акционерін алмастыру шаралары банкте жинақталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта біздің алдымызда маңызды мақсат-міндет тұр ол - Қазкоммерцбанктің корпоративтік басқару жүйесін халықаралық үздік тәжірибелер мен Halyk Group қағидаттарына сәйкес келтіру және қаржы институты дамуының жаңа стратегиясын жасау", - деді өзі сөзінде Дунаев мырза.

Арман Ғалиасқарұлы Дунаев - тәжірибелі әрі кәсіби қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік және жеке сектор, сондай-ақ қаржы нарығындағы жұмыс тәжірибесі мол. Тәуелсіз директор ретінде Halyk Group тобының бірқатар компанияларының Директорлар кеңесінің құрамына кіреді: "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ, "Halyk Finance" АҚ және "Халык-Life" АҚ. "Altyn Bank" АҚ ("Қазақстанның Халық Банкі" АҚ ЕБ) Директорлар кеңесін басқарады.

Осыған дейін Кеңес Рақышевтың Qazkom директорлар кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын босатылғаны жайлы хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети