29 шілде 2015 10:48

Ресейде қазақстандық шипажайға 4 жұлдыз санаты берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ПІБ баспасөз қызметі © ҚР ПІБ баспасөз қызметі

Ресейде қазақстандық шипажайға 4 жұлдыз санаты берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті іс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ресейде қазақстандық шипажайға 4 жұлдыз санаты берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті іс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 жұлдыз санатына ие болған шипажай - Ессентуки қаласындағы "Қазақстан".

"Кавказ минералды су аймағында орналасқан жалғыз қазақстандық шипажайдың сервистік-қонақ үйлік қызмет көрсету деңгейі Ресей Федерациясында қабылданған Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру құралдарының жіктеу жүйесі бойынша 4 жұлдыз деңгейіне сәйкес келеді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, санат беру шешімін қабылдаған бағалау комиссиясы шипажай қонақ үйінің 4 жұлдыз санатына қойылған барлық талаптарға сәйкес екенін мәлімдеді.

"Біздің комиссия барлық жағдайды және шипажайда ұсынылатын қызметтерді қарап, барлық талаптар орындалады деген пікірге келді. Сондай-ақ, бұдан кейін жетілдіру және санатын жоғарлату үшін де еңбектенуге ынта бар", - деді комиссияның мүшесі Сокова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети