01 желтоқсан 2015 14:48

"Самұрық-Қазына" басшысы Назарбаевтың сынына қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

"Самұрық-Қазына" басшысы Өмірзақ Шөкеев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтқан сынына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Мемлекет басшысының сынын сындарлы деп атады.


"Самұрық-Қазына" басшысы Өмірзақ Шөкеев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтқан сынына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Мемлекет басшысының сынын сындарлы деп атады.

Әңгіме қордың штаты жайында. "Самұрық-Қазына" қорының активтері жалпы ішкі нарықтың 40-тан аса пайызына тең, "500-ден аса еншілестерді қоса есептегенде". "Халық мұны түсінбеуі мүмкін", - деді Мемлекет басшысы.

"Мемлекет басшысы өз сынында барлығын дұрыс айтты. Жұмыс істеген көп жылдарда ұлттық компаниядан көптеген актив пен нысан алынды, холдинг епсіз механизмге айналды. Заманауи талаптарды ескеріп, біз "Самұрық-Қазына" тобының өзге қырынан қажеттігін түсіндік", - деді Шөкеев.

Оның айтуынша, бұл міндетті атқару мақсатында Мемлекет басшысы 2014 жылы қазанда іске қосқан бағдарлама жасалды. Шөкеевтің ойынша, бұл ұзақ мерзімді жүйелі жұмыс, оның ішінде компаниялар санын қысқарту да бар. Оның сөзіне қарағанда, кез келген ауқымды өзгеріс кезінде белгілі бір қарсылықтар болады. "Біз үшін Президенттің Жолдауында бұл жұмыстың маңыздылығы мен бірінші дәрежелілігіне назардың аударылуы маңызды", - деді "Самұрық-Қазына" басшысы.

Шөкеевтің мәліметінше, құрылымда бүгінгі таңда басқарудың 9 деңгейі бар, яғни бұл қорға 9-буынға дейінгі еншілес компаниялар кіреді. Әрине, ол басқару мен онда болып жатқан үдерістерді бақылауды қиындатады. Өзгеріс және жекешелендіру шеңберінде еншілестерді 4-ке дейін қысқарту бойынша нақты жоспарымыз бар", - деді Шөкеев.

"Самұрық-Қазына" басшысының айтуына қарағанда, 2013 жылдан бері тиімсіз компанияларды қысқарту бойынша жұмыс белсенді түрде жүріп жатыр. Соның нәтижесінде компаниялар саны 768-ден 560-қа дейін қысқарған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети