Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Самұрық-Қазына" дағдарысқа байланысты қайырымдылық қызметін тоқтатады

21 Қаңтар 2015, 11:55
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" дағдарысқа байланысты қайырымдылықпен айналыспайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың басқарушы директоры Дархан Қалетаевқа сілтеме жасап.

"Еліміздегі қазіргі қаржылық жағдайға байланысты компаниялар тобы демеушілікпен және жалпы қайырымдылық көмек көрсетуге шектеу қою туралы шешім қабылдады, бұл бүкіл әлем бойынша солай, яғни біз бүгінгі таңда бұл қызметті толықтай тоқтаттық, тек мұның ардагерлер мен біздегі бар әлеуметтік бағдарламаларға қатысы жоқ", - деді Қалтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар, ол "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы республика бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қаржылай көмек көрсететінін айтты. Қалтаевтың айтуынша, төлем сомасында компаниялардың мүмкіндігіне қарай айырмашылықтар болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржыны үнемдеу тәртібіне өтуді тапсырған болатын. "Бюджеттің күрт қысқаруы себепті Үкіметке оның бірқатар өлшемдерін қайта қарауға тура келеді. Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік, қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек. Барлық нәрседе үнемдеуге кіріскенімізді халыққа нақты түсіндіру керек. Тәуелсіздік жылдарында біз 700-ден астам мектеп және сонша аурухана салдық. Қазір жүріп жатқан құрылысты аяқтап, бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандарды тоқтату керек. Бұл жұмыстар дағдарыс аяқталған соң жалғастырылатын болады", - деді Мемлекет басшысы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай