15 қыркүйек 2022 15:04

"Самұрық-Қазына" қарызы шамамен 10 триллион теңге - Сәтқалиев

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: sk.kz

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев қор компаниялар тобының жалпы қарызы шамамен 10 триллион теңге екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев қор компаниялар тобының жалпы қарызы шамамен 10 триллион теңге екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір қордың жалпы қарызы шамамен - 10 триллион теңге. Оның ішінде ең көп үлес - "ҚазМұнайГаз" компаниясының қарызы, ҚТЖ компаниясының қарызы және қор қарызы. "ҚазМұнайГаз" компаниясына келетін болсақ, тиімді жобаларға тартылды, мұнай бағасы айтарлықтай жоғары, қарыздарды қайтару бойынша ешқандай тәуекелдер жоқ, бұл жобалар өзін өзі ақтайды. Қор жобаларына да солай. Қарыз Қашағандағы үлесті сатып алу үшін тартылды, бұл портфельдегі негізгі үлес", - деді Сәтқалиев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, директорлар кеңесі деңгейінде "ҚазМұнайГаз" қарызды қайта алатыны туралы келісімге қол жеткізілген.

Реклама
Реклама

"ҚТЖ-ның қарыздарына компания толығымен қызмет көрсетеді. Бірақ сонымен қатар, қор өтімділік бойынша компанияға қолдау көрсетеді, атап айтқанда, ҚТЖ компаниясының облигацияларын сатып алдық. ҚТЖ бойынша жарияланған реформалар бағдарламасын негізге ала отырып, ҚТЖ желісі бойынша транзиттің, атап айтқанда Қытай-Еуропа транзитінің ұлғаюына, көрсетілетін қызметтердің ұлғаюына байланысты тәсілдерді негізге ала отырып, ҚТЖ өзінің қарыз міндеттемелерін толық көлемде орындай алады деп есептейміз", - деді қор басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram