SCAT ресейлік 15 ұшақты сатып алды

26 Тамыз 2015, 10:19
0
SCAT ресейлік 15 ұшақты сатып алды - © РИА Новости
© РИА Новости

Қазақстандық SCAT әуе компаниясы Ресейдің Sukhoi Superjet - 100 ұшағын сатып алу туралы келісімшартқа отырды - келісім МАКС-2015 әуе салонында өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Виктория Ульянова айтып берді.

Оның айтуынша, 15 дана ұшақ лизинг жолымен сатып алынады. "Бірінші әуе кемесі 2016 жылдың көктемінде келеді деп күтіп отырмыз. Экономикалық салонында 103 орыны бар әуе кемелері әуе компаниясының Қазақстан, ТМД елдері және таяу шет елдерге жүйелі түрде ұшатын рейстерге жұмылдырылады", - деп хабарлады Ульянова. Ол еркін ауытқу бағамының жағдайында Embraer немесе Bombardier лайнерлерін сатып алудың қымбатқа түсетінін айтты. 

Келісімшартқа Мемлекеттік лизинг компаниясының, "Ямал" әуе компаниясының және SCAT компаниясының қатысуымен қол қойылды. Осыған дейін  SCAT компаниясының ресейлік Sukhoi Super Jet-100 (SSJ-100) ұшақтарының 20 данасын сатып алатыны жайлы хабар тараған еді. Қазіргі уақытта SCAT паркінде 18 ұшақ бар: жеті Boeing 737, алты Bombardier CRJ 200, төрт Boeing 757 және бір Boeing 767. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай