10 қазан 2015 15:27

"Трансаэро" компаниясы "Мәскеу - Астана" рейсін тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейлік "Трансаэро" әуе компаниясы 11 қазанға жоспарланған 53 рейсті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның ресми сайтына сілтеме жасап. Тоқтатылған рейстердің ішінде Мәскеуден Астанаға дейінгі рейс бар.

Тоқтатылған рейстердің толық тізімін мына жерден көруге болады. Айта кетейік, 11 қазанға белгіленген қалған рейстер кесте бойынша орындалады. "Егер рейстер тоқтатылатын болса, "Трансаэро" әуе компаниясының колл-орталығы міндетті түрде хабарлайды. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларын тасымалдау "Аэрофлот" компаниясының рейстерімен SU кодтары бойынша жүзеге асырылады", - деді компаниядағылар. Бұған дейін 10 қазанға белгіленген 38 рейс тоқтатылды, олардың арасында "Мәскеу - Қарағанды" болды.

Айта кетейік, Қазақстанда "Трансаэро" әуе компаниясының билеттерін сату 2 қазаннан бастап тоқтатылды. Содан бір күн бұрын ресейлік ақпарат құралдарында әуе тасымалдаушының банкрот болғаны туралы мәлімет тарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети