04 сәуір 2018 17:55

Turkish Airlines әуекомпаниясы ұшу қауіпсіздігін қалай сақтайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

1933 жылы Түркияның Қорғаныс министрлігі State Airlines Administration әуе компаниясын ашып, Түркиядағы тұңғыш ұшқыштардың бірі Феса Евренсевті директор етіп сайлаған. Небәрі 24 (7 ұшқыш, 8 механик, 8 кеңсе қызметкері және 1 радиооператор) қызметкермен және 5 ұшақпен (ішкі рейстер) өз жұмысын бастаған әуе компаниясы бүгінде қызметкерлер санын 25 мыңға жеткізген. Әуе компаниясы 260-тан аса Airbus және Boeing ұшақтарымен 121 мемлекетке және 305 бағытта жолаушыларды тасымалдайды. Жылдық табысы - 15 миллиард доллар, - деп хабарлайды Ыстамбұлдағы әуе компанияның бас кеңсесінде болып қайтқан Тengrinews.kz тілшісі.


1933 жылы Түркияның Қорғаныс министрлігі State Airlines Administration әуе компаниясын ашып, Түркиядағы тұңғыш ұшқыштардың бірі Феса Евренсевті директор етіп сайлаған. Небәрі 24 (7 ұшқыш, 8 механик, 8 кеңсе қызметкері және 1 радиооператор) қызметкермен және 5 ұшақпен (ішкі рейстер) өз жұмысын бастаған әуе компаниясы бүгінде қызметкерлер санын 25 мыңға жеткізген. Әуе компаниясы 260-тан аса Airbus және Boeing ұшақтарымен 121 мемлекетке және 305 бағытта жолаушыларды тасымалдайды. Жылдық табысы - 15 миллиард доллар, - деп хабарлайды Ыстамбұлдағы әуе компанияның бас кеңсесінде болып қайтқан Тengrinews.kz тілшісі.

2004 жылдары әуе компаниясындағы жолаушылар саны - 12 миллион болған, ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 69 миллион жолаушыға жеткен. Әуе компаниялары мен әуежайлардың қызмет көрсетуі мен сапасына баға беруші беделді ұлыбританиялық Skytrax компаниясы әр жылдары түркиялық компанияға "Оңтүстік Еуропадағы үздік әуекомпания"; "Еуропадағы үздік әуе компания"; "Economy санатындағы борттағы үздік тамақтандыру"; "Business санатындағы борттағы үздік тамақтандыру"; "Ең жылдам дамушы жүк тасымалдау әуекомпаниясы"; "Business санатындағы күту залы бойынша әлемдегі үздік компания" деген атақ берді. Соңғы бес жылда осы осы дәрежелі мәртебе компанияның еншісінде. Сондай-ақ 2012 жылдан бастап әуе компанияның ұшақтарында ұшу кезінде Wi-Fi қолдану мүмкіндігі пайда болды.

Turkish Airlines компаниясының Азия елдері және қиыр шығыста сату вице-президенті Тунджай Еминоглудың айтуынша, биыл Ыстамбұлда 200 миллион жолаушыға арналған әуежай іске қосылады.

"Ол әлемдегі осы көлемдегі жолаушыларға қызмет көрсетуші жалғыз әуежай болады. Жыл соңына қарай барлық күш-жігерімізді сол әуежайға аударамыз. Түркияның жалпы кірісіне бес пайыз табыс алып келетін болады және 225 мың адамды жұмыспен қамтиды. Әзірге нақты бір атауы жоқ, тек "Стамбұлдық жаңа әуежай" деген жобамен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл әуежайда карго (жүк тасымалдау) қызметі де болады. Шамамен оның көлемі 5,5 миллион тонна жүкті тасымалдап, әуежай аумағында өңдеуге болады. Жолаушылар тасымалы бойынша әлемдегі он компанияның қатарына кіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта ұшақтар саны бойынша ондықта тұрмыз. Жыл соңына дейін бізде 331 ұшақ болады. Биыл 74 миллион жолаушыны тасымалдауды көздеп отырмыз", - дейді Тунджай Еминоглу.


Азия елдері және қиыр шығыста компанияның сату вице-президенті Тунджай Еминоглу

Компанияның 49 пайыз акциясы мемлекетке тиесілі, ал 51 пайызы жеке кәсіпкерлердің меншігінде. 2013 жылы Ыстамбұлда орналасқан Atatürk әуежайында Elite, Elite Plus және Business санатындағы жолаушылар үшін Lounge Istanbul күту залы ашылған.


Оқу-жаттығу базасының өкілі

Ыстамбұлда әуе компанияның оқу-жаттығу базасы әуежай маңында орналасқан. Әр түрлі деңгейдегі ұшақтардың 10 симуляторында жарты жыл сайын ұшқыштар емтихан тапсырып отырады. Сонымен қатар, бұл базада бортсеріктерді де тәжірибеден өткізіп, біліктілігін шыңдап, апатты жағдайларда қандай әрекеттер істеу керектігін үйретеді.

Түркиялық әуе компанияда жеті жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ұшқыш жас ұшқыштарға өз кеңесін берді.

"Біріншіден жас ұшқыштарға берер кеңесім ол - қауіпсіздік. Жақсы ұшқыш экипаж үшін де және өз өміріп сеніп тапсырған жолаушар үшін де жауапты екенін сезінуі тиіс. Командада жұмыс істеу өте маңызды. Сол үшін де жұмыс істесе алатынымызды анықтау үшін біз жылына бірнеше сағатқа жиналып тұрамыз. Ұшқыштың өмір сүру стилі ерекше. Ол күтінуі тиіс, физикалық қалпы жақсы болуы керек, денсаулығы мықты әрі әрдайым біреулер үшін жауапты екенін ойдан шығармауы керек. Сол үшін де оның демалысы, әлеуметтік өмірі, өмірдегі белсенділігі оның кәсібіне тығыз байланысты", - дейді ұшқыш.


Тurkish Airlines ұшқышы

Қазақстанға бұл компанияның ұшақтары 1992 жылдан бері ұшып келе бастады. Қазіргі уақытта Астана (5 рейс) мен Алматы (10 рейс) қаларынан күн сайын Түркияның бірнеше қаласына тікелей рейстер ашылған. Шамамен әуе компания жылына 120 мың қазақстандықты тасымалдайды екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети