13 маусым 2017 18:18

ҰБ "Халық банкіне" Qazkom банкін сатып алуға рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kursiv.kz © Kursiv.kz

ҚР Ұлттық банкі "Қазақстан Халық жинақ банкіне" "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымын иеленуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк сайтына сілтеме жасап. 


ҚР Ұлттық банкі "Қазақстан Халық жинақ банкіне" "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымын иеленуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымын иеленуге рұқсат беру туралы" 2017 жылғы 12 маусымдағы № 98 қаулы қабылданды", - делінген Ұлттық банк сайтында. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымын иеленуге рұқсат беру туралы" 2017 жылғы 12 маусымдағы № 98 қаулы қабылданды.

"Казкоммерцбанк" АҚ пен "Қазақстан Халық банкі" АҚ арасында сатып алу-сату шарты дайындалып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Халық банкінің" басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова егер келісімшартқа қол қойылса, "Халық банкі" Казкомды сатып алатынын айтқан болатын. "Процесс аяқталуға жақын. Қазір кей сандарды ғана нақтылап жатырмыз. Бұл қиын да, күрделі мәселе. Мемлекеттік ресурстар, сырттан кеңесшілер, аудиторлар, инвест-банкирлер тартылып жатыр. Сонымен бірге, бұл мәселені талқылауға Ұлттық банк те қатысып отыр. Ары қарай не боларын көреміз", - деген еді Шаяхметова. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети