03 ақпан 2017 18:07

Ұлттық банк өкілдері "Цеснабанк" АҚ-тың "Банк ЦентрКредит" АҚ-пен қосылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк өкілдері "Цеснабанк" АҚ-тың "Банк ЦентрКредит" АҚ-пен ықтимал қосылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ұлттық банк өкілдері "Цеснабанк" АҚ-тың "Банк ЦентрКредит" АҚ-пен ықтимал қосылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ұлттық банк "Цеснабанк" АҚ, "Цесна" қаржы холдингі" АҚ және Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов арқылы олардың акцияларының үлесін "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың орналастырылған акцияларының жалпы санынан 41,93 пайыз мөлшерінде басымдықпен сатып алушылар ретінде KOOKMIN BANK консорциумын таңдау туралы "Цеснабанк" АҚ-тан ресми хабарлама алды. Ұлттық Банк, тұтастай алғанда, банк секторын шоғырландыру жөніндегі бастамаларды қолдайды, олар банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету бойынша қолданыстағы бизнес-процестерді жақсартуға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық банктің банк бизнесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдастыру процестерін тез арада аяқтау жөнінде банктерге қажетті қолдау көрсетуге дайын екені айтылған.

"Заңнаманың талаптарына сәйкес бұл мәмілені іске асыру банктердің депозиторларының, кредиторларының, өзге де клиенттерінің және қарсы агенттерінің халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, шарттар бойынша құқықтарын және заңды мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети