1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Компаниялар мен банктер

Ұлттық банк Qazkom мен Халық банктің келісімін қолдауға ниетті

ҚР үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі Qazkom мен Халық банктің келісімін қолдауға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және банк секторын қалыпқа келтіру мақсатында 2017 жылғы 2 наурызда ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ және оның ірі акционерлері, "Қазақстанның Халық банкі" АҚ және "БТА Банк" АҚ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес "Қазақстанның Халық банкі" АҚ "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуға ниетті", - делінген хабарламада. 

"Өз кезегінде, "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алу жөніндегі әлеуетті мәмілені іске асыру үшін ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық Банкі "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тың проблемалық активтерді сатып алуы жолымен қаржылық қолдау көрсетуге ниеттеніп отыр", - деді банктің өкілдері.

Осыған дейін ҚР Ұлттық Банкі банктердің менеджменті мен акционерлері "Қазақстанның Халық банкі" АҚ пен "Казкоммерцбанк" АҚ арасындағы келіссөздер процестерінің басталғаны туралы хабардар етілген еді.