Ұлттық банк үкі бейнесіндегі гауһар қондырмасы бар монета шығарды

02 Қазан, 10:48
0
Ұлттық банк үкі бейнесіндегі гауһар қондырмасы бар монета шығарды - Сурет Ұлттық банк баспасөз қызметінен
Сурет Ұлттық банк баспасөз қызметінен

Қазақстанда гауһар қондырмасы бар "Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері" монеталар сериясынан "ÚKI" коллекциялық монеталарын айналымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 2 қазанда номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері" монеталар сериясынан "ÚKI" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады

"Бұл монета "Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері" монеталар сериясын жалғастырады. Бұл сериядағы монеталар дизайны бейнеленетін жануардың натуралистік және трафареттік түрін "сақ жануар стиліне" аллегориялық тұрғыдан үйлестіріп көрсетуге негізделген. Үкі көптеген мәдениетте даналық, білім, жасырын мүмкіндіктер мен бірегей пайым нышаны болып табылады. Көшпенділер үкіні қасиетті құс деп есептеген. Бұл наным үкінің адамдарды жыннан күзетуге ықпал ететін, даналықты паш ететін құс ретіндегі рөлін түсінуге байланысты", - делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

Номиналы 5 000 және 500 теңгелік "ÚKI" монеталары алтындату технологиясын қолдана отырып күмістен жасалған және гауһар қондырмасы бар. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) ұлттық ою-өрнектің қоршауында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін деген жазба бейнеленген. Монетаны айналдыра "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY" және "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазбалар бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) гауһар қондырмасы бар үкінің басының натуралистік және трафареттік бейнесінен композиция, монетаның жоғары бөлігінде "ÚKI" деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра декоративтік ресімдеу элементтері бар үлкен жиек жүргізілген.

Номиналы 200 және 100 теңгелік "ÚKI" монеталары МН25 сапалы мельхиор қоспасынан "рrооf-like" және "brilliant uncirculated" сапасымен дайындалған. "Рrооf-like" дайындау сапасымен монетада алтындату технологиясы қолданылған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) ұлттық ою-өрнектің қоршауында соғылған жылы, номиналы, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Монетаны айналдыра "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY" және "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазбалар бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) үкінің басының натуралистік және трафареттік бейнесінен композиция, монетаның жоғары бөлігінде "ÚKI" деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра декоративтік ресімдеу элементтері бар үлкен жиек жүргізілген. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

"Номиналы 5 000, 500, 200 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. "Proof-like" дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. "Brilliant uncirculated" дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

Коллекциялық монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет - дүкен арқылы сатып алуға болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай