11 сәуір 2014 19:18

Ұлттық Банкке БЖЗҚ активтерін инвестициялау стратегиясын дайындау тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kapital.kz ©kapital.kz

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банкке Үкіметпен біріге отырып, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активтерін инвестициялау стратегиясын дайындауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банкке Үкіметпен біріге отырып, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активтерін инвестициялау стратегиясын дайындауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен Ұлттық банк пен Үкіметке өзара біріге отырып, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін активтерді инвестициялауды, оның ішінде банктерге ұзақмерзімді дипозиттерді орналастыру арқылы жүзеге асыру стратегиясын дайындауды тапсырамын", - деді Елбасы Ақордада өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің  кезекті отырысында. 

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, қаржы секторында долларды мөлшерден асырмауға арналған тетіктерді қарастыру керектігін де атап өтті.

Бұған дейін мәлім болғанындай Ұлттық банк Үкіметпен біріге отырып, ел экономикасындағы доллардың көлемін арттырмау жөнінде бағдарламаны дайындауды жоспарлаған болатын. "Өкінішке орай, біздің доллар туралы түсінігіміз өте жоғары болып тұр. Сондықтан біз Үкіметке экономикадағы доллар мөлшерін азайту бағдарламасын бірігіп дайындауды ұсындық. Алысқа бармай-ақ қоялық мына тұрған Ресейде "Сіздің пәтеріңіз қанша тұрады?" - деп сұрай қалсаңыз пәтер құнын рубльмен айтады. Ал бізде айлық-жалақыны теңгемен алсақ та, салықты теңгемен төлесек те, күнделікті шығынды теңгемен өтесек те бүкіл кіріс-шығысты долларға ауыстырып барып есептейміз", - деді Президент жанындағы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Қайрат Келімбетов. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети