25 қараша 2015 15:12

Ұлттық банкте дағдарысқа байланысты оңтайландыру болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банкте дағдарысқа байланысты оңтайландыру болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Парламент кулуарында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді.


Ұлттық банкте дағдарысқа байланысты оңтайландыру болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Парламент кулуарында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Журналистер Ұлттық банктің басшысынан ұжымдағы қысқартулар жөнінде ақпаратқа пікір білдіруді өтінді.

"Жоқ, ондай ешқандай жоспарды білмеймін. Ұлттық банк қызметкерлерінің Ұлттық банк ішіндегі мол тәжірибесінің болғандығымен әрдайым ерекшеленді және біз Ұлттық банкте бұрыннан жұмыс істейтіндерді ынталандырып отырамыз", - деді Ақышев.

Ал басшының ауысуы ұжымға әсер ете ме деген сұраққа ол былай жауап берді:

"Ұжым бұрынғыдай жұмыс істеп жатыр. Бірақ бір айта кетерлігі оңтайландыру қажет, себебі дағдарыс жағдайында бізге өз шығынымызды оңтайландыру керек. Ол қалыпты үдеріс деп ойлаймын".

Алайда қызметкерлердің қанша пайызы оңтайландырылады деген сұраққа Ақышев жауап беруге қиналды.

Бұған дейін ол Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовпен қарым-қатынасы жайлы сұраққа пікір білдірген болатын. "Бізде әдеттегі жұмыс бабындағы қарым-қатынас. Ұлттық банк - бай әрі терең дәстүрі бар ұйым. Бізде Ұлттық банктің барлық басшыларымен қарым-қатынас жақсы. Мәселен, ұлттық валюта мерекесіне байланысты шараларға бұрынғы басшылар міндетті түрде шақырылады. Мұндай мәселе Ұлттық банкте тіпті талқыланбайды да", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети