Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық компаниялар жеке бизнесті бюджет қаражатынан қағып отыр

14 Қараша 2014, 12:16
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Мемлекеттік сыңайлы кәсіпорындар жеке бизнестің бюджет қаражатына қол жеткізуін шектеп отыр. "Эксперт-200-Қазақстан" ұлттық бизнес форумында ҚР қаржы вице-министрі Руслан Дәленов осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде елімізде жұмыс істеп жатқан мұндай компаниялардың саны - 226 мың. Жұмыс істеп тұрған деген кезде біз салық есебін тапсырып тұратын немесе белсенді банк есепшоты бар кәсіпорындарды айтамыз. Олардың 6 мыңдайы мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде мемлекеттің меншігінде тұр. Макростатистика тұрғысынан ол көп емес болып көрінуі мүмкін, бірақ жекелеген кәсіпорындардың, әсіресе, шағын және орта бизнестің тағдыры тұрғысынан ол шамадан тыс кқп, себебі ол алты мың мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттің холдингтер арқылы тікелей не жанама түрде қатысуын қоссақ, ол тоғыз мың болады, олар, негізінен, жеке компаниялармен бір сала, бір нарықта жұмыс істейді", - деді Дәленов.

Қаржы вице-министрі мемлекеттік сыңайлы кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттік тапсырмалар алып, жеке бизнестің бюджет қаражатына қол жеткізуіне кедергі болып отырғанын айтты. "Мысалы, жекешелендірудің екінші толқынына 850-ге жуық компания іріктелді. Ол компаниялар 2013 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет бюджетінен мемлекеттік тапсырма, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс түрінде 25 миллиард теңге алған. Байқауға қатыспай-ақ. Демек, жеке бизнеске бұл бәсекеге қатысу құқығы берілген де жоқ. Бүгінде біз бәсекелестік ортасына араласатын ұйымдар қазіргі мемлекеттік кәсіпорындар сияқты мемлекеттің таңдаулы қолдауын иеленбеуі керек деп есептейміз", - деді ол.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай