03 сәуір 2017 13:51

10 жастағы қазақ қызы халықаралық "Жаңа толқын" байқауына жолдама ұтып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Балалар Жаңа толқыны" атты халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша қаласының тұрғыны Әмина Жапар барады. Ұлттық іріктеу кезінде қазылар алқасын кішкентай қыз күшті даусымен таңдандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Балалар Жаңа толқыны" атты халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша қаласының тұрғыны Әмина Жапар барады. Ұлттық іріктеу кезінде қазылар алқасын кішкентай қыз күшті даусымен таңдандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл нағыз қойылым болды, өте қиын әрі терең ән", - дейді "Аялаған Астана" ән байқауының қазылары. "Кукушка" әнін орындаған Әминаға қазылар 50 ұпайдан 49 ұпай берді. 

"Мен 10 жастамын. "Аялаған Астана" байқауы маған ұнады, достарым да көбейді. Мен Виктор Цойдың әнін айттым. Қазылар бұл әнді жақсы сезінгенімді айтады. Енді Қазақстанның намысын қорғауға дайындаламын. Маған дауыс бергендерге көп рақмет", - дейді байқау жеңімпазы. 

 

Әмина бұл өнер көрсетуін екі жастағы Ямин атты сіңлісіне арнады. Оның денсаулығы нашар көрінеді. 

"Әнді тыңдай сала ұнады. Әмина өзі таңдады, өзіне жақын. Ол сіңлісі аурумен сарбаз сияқты күресіп жатыр деп елестетеді. Яминаның кемтарлығы бар. Оның ми дамуында тума ақаулығы бар. Нақты диагноз жоқ. 2 жасында ғана жүре бастады, бірақ, ілгерлеу бар", - дейді қыздардың анасы Олеся Жапар.

 

"Балалар Жаңа толқыны" атты халықаралық ән байқауының ақтық сайысы жаз айларында Ресейде өтеді. Онда әр елден жиналған 8 бен 12 жас аралығындағы балалар өнер көрсетеді. Қатысушыларға SMS-хабарлама арқылы дауыс беруге болады, нөмірі байқаудың ашылуынан кейін белгілі болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети