14 музыкалық ұжым The Spirit of Astana қонақтарына бірегей шоу дайындады

01 Маусым 2017, 09:20
0
14 музыкалық ұжым The Spirit of Astana қонақтарына бірегей шоу дайындады -

Қазақстанда дүниеге келіп, ұлттық масштабтағы мәдени бренд статусын алып үлгерген The Spirit of Tengri халықаралық жобасы елорда әкімдігінің қолдауымен Астанада ұсынылады. The Spirit of Astana 2017 23-24 маусым аралығында "Бәйтерек" монументінің алаңында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"The Spirit of Tengri фестиваліміз бесінші рет өтті, мұның ендігі мемлекеттік жоба екендігін сездік. Сондықтан осы мерейтойды Астанада атап өтетініміздің өзіндік нышаны бар. Елордаға жетіп, қала әкімдігімен бірлесіп, арнайы бағдарлама жасадық. Осы күндері EXPO-2017 өтеді, мұнда көптеген қонақ келеді. Оларға біздің фестиваль де ұнайды деп сенемін", - дейді The Spirit of Tengri фестивалінің және "Жұлдыз FM" мен Tengri FM радиостанцияларының бас продюсері Жан Қастеев. 

The Spirit of Astana фестивалінде елордалық тұрғындарға арнайы дайындаған ерекше музыканттар құрамы ұсынылады. "Алматыда өткен The Spirit of Tengri фестивалінде өнер көрсеткен музыканттармен қатар, Қазақстанға тұңғыш рет келетін өнер иелері де қатысады. Бағдарлама өте қызық әрі мықты. Елорда біздің жұмысымызға жақсы баға береді деп ойлаймын", - деді Қастеев.  


АҚШ-тан келген DJ Carmen Rizzo тывалық "Хуун-Хуур-Ту" тобымен бірге өнер көрсетеді. 

The Spirit of Astana фестивалінің басты ерекшелігі - биыл елордаға The Spirit of Tengri өткізілген жылдары алматылықтардың жоғары бағасын алып үлгерген заманауи этникалық фестиваліне тұңғыш рет келетін музыканттар. Мәселен, мереке қонақтарын Қазақстанға тұңғыш рет келетін Tamikrest деген туарег тобы қуантады. Батыс Африкада 2006 жылы құрылған ұжым дәстүрлі африкалық музыка мен батыстың рок- және поп-стильдерін синтездейді. 

Фестиваль сахнасына 14 музыкалық ұжым шығады: Geo Train (Грузия); DJ Carmen Rizzo (АҚШ); Huun Huur Tu (Тыва); Namgar (Бурятия); Ljubojna (Македония); Motiva Zenekar (Венгрия); Argymak (Башқұртстан); Инна Желанная (Ресей); Tamikrest (Мали); Steppe Scape (Тыва/Бурятия/Германия); Еділ Хусаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Барабаны Алматы" (Қазақстан); Tigrahaud (Қазақстан): DJ Нариман Исенов , DJ Роман Бажанов, DJ Рустам Оспанов, DJ Арсен SuperFly (Қазақстан).


"Барабаны Алматы". 

The Spirit of Astana фестивалі 23-24 маусым күндері "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Концерт 17.00-де басталады, кіру тегін. Сахна өнер көрсететін музыканттарды алаңның жан-жағынан көруге мүмкіндік беретіндей орналасады. Сахнаның екі жағында үлкен Led-экрандар да қойылады, осы экрандар арқылы көрермендер шоудың қызықты тұстарын мүлт жібермей тамашалай алады. 


Huun Huur Tu тобы (Тыва).

"Біз Астана әкімдігімен бірлесе отырып, "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңды арнайы таңдадық, себебі бұл кешеннің ерекше атмосферасы бар, қала тұрғындары мен қонақтарын еліктіріп әкететін көңіл-күй туғызады. Таңғалдырарлық жарық, дыбыс және сахна ұмыттырмас әсер қалдырады. The Spirit of Astana сахнасына шығатын әрбір музыкант өз халқының мәдени байлығын ұсынады. Олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Осындай деңгейдегі әртістердің тегін өнер көрсетіп жатқаны зор қуаныш", - деді The Spirit оf Tengri фестивалінің бас режиссері Сергей Майборода. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry. сауда желісі. Фестиваль Астана әкімдігінің қолдауымен өтеді. 


Қазақстандық Tigrahaud тобы. 

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай