17 жастағы астаналық Валерий Леонтьевпен бірге ән салды

21 Қыркүйек 2015, 12:21
0
17 жастағы астаналық Валерий Леонтьевпен бірге ән салды - YouTube видеоролигінен алынған кадр
YouTube видеоролигінен алынған кадр

Астаналық Сангина Шәріпова ресейлік "Главная сцена" шоуының екінші маусымына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 жастағы әнші "Мумий Тролль" тобының әнін кавер-нұсқада орындап, шоудың ширек финалына өтті. Қызға әділ қазылар алқасының үш мүшесі дауыс берді - Вячеслав Добрынин, Валерий Леонтьев пен Николай Носков.

Алайда әнші Диана Арбенина Шәріпованың орындауы барлық мүмкіндігін көрсете алмады деп есептеп, одан тағы бір әнді орындауын сұрады. Жас әнші Валерий Леонтьевтің "Милый друг" атты композициясын орындауды ұсынды, осыдан кейін халық әртісі қызға қосылып ән шырқады. Бұл дуэтті көпшілік ыстық ықыласпен қабылдады.

Айта кетейік, қазақстандық The Jigits тобы "Россия-1" телеарнасындағы "Главная сцена" шоуының екінші маусымына қатысты. Олардың өнеріне бірінші болып әнші Валерий Леонтьев пікір айтты, ол қазақстандық өнерпаздардың өнерін жоғары бағалап, дауысын соларға берді. Келесі кезекте Ресейдің халық әртісі Вячеслав Добрынин жігіттердің орындауында эмоцияның жеткіліксіз екенін айтты, алайда ол жас музыканттарға мүмкіндік берді. "Жақсы" деген бағаны топ Диана Арбенина мен Николай Носковтан да алды. Осылайша The Jigits ширек финалға шықты. Олардың өнер көрсеткен сәтін мына жерден көруге болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай