06 желтоқсан 2014 21:11

Hadn’t tea тобы "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының жеңімпазы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Hadn’t tea тобы Hadn’t tea тобы

Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының финалдық концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының финалдық концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Event City Hall клубының сахнасында қазылар алқасының іріктеп алған үздік үш тобы өнер көрсетті - Hadn’t tea, LampЫ Orchestra және Blues Motel. "Наив" тобы кештің хедлайнері болды.

Hadn’t tea тобы "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының жеңімпазы болды. Ұжым 2015 жылдың шілдесінде өтетін ресейлік StereoLeto фестивалінде Қазақстанның атынан қатысады. Сонымен қатар, жеңімпаздар Colisium деп аталатын халықаралық музыкалық конференцияның ынталандыру сыйлықтарына ие болады: iOS және Android платформаларына арналған Colisium 3plet Showcase цифрлық компиляциясына қатысуға мүмкіндік алады және 2015 жылдың шоукейстер конференциясының промо-бағдарламаларының аясында Colisium Digest-те жарияланады. 

 

"На вершине Tенгри" - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылы қолға алды, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети