I`m a singer Kazakhstan жобасына жұлдыздың қайта оралуы!

20 Қазан 2017, 14:48
2
I`m a singer Kazakhstan жобасына жұлдыздың қайта оралуы! -

Атышулы музыкалық шоудың жаңа эпизодында, қатысушылар тізіміне жаңа екі қатысушы келіп қосылады. Жоба ұйымдастырушыларының айтуы бойынша, жаңа қатысушының бірі дүйім жұртты дүр сілкіндіреді!

Жұмбақ артистің аты-жөнін жариялауға шоуранерлер асығар емес. Алайда оның көрермен көзайымы атануға әбден лайық екенін астарлап жеткізіп қойды. Оның өнеріне тәнті табынушылары да көп. Ал әндері әр қазақстандыққа таныс. Кезінде атақ-даңқы шарықтап, жеңіс тұғырына да шыққан. Алайда шығармашылық үзіліс мансабына оң әсер ете қоймады. Дегенмен, ол сахнаға қайта шығып, бірегей даусымен тыңдаушыларды сүйсіндіруге дайын! Ол қатысушы кім? Бүкіл ел кімді асыға күтіп отыр? Бұл сауалдың жауабы жексенбі күні белгілі болмақ.

Ал әзірге жоба ережесі бойынша, бесінші эпизодтан бастап, I`m a singer Kazakhstan шоуының әр екі аптасында, кеткен қатысушының орнына жаңа екі қатысушы шығатынын, ал сайыс қатысушыларының жалпы саны 18-ге жететінінестеріңізге саламыз. Жартылай финалда жоба басталғалы кеткен, шоудың барлық қатысушысы қатыса алады. Осылайша, музыкалық телехикаядан қандай да бір себеппен кеткен әр артист, «еліміздің ең үздік дауысы» болу үшін, тағы да бақ сынап көреді. Әрине, ақтық кезеңге бәрі бірдей жетпейді. Бірақ көрерменнің жүрегін жаулауға әр қатысушының мүмкіндігі бар. Ал көрермендер орасан шоу мен құлақтан кіріп, бойды алар жанды дауыс пен музыкаға кенелетін болады.

Дәл қазір, төртінші эпизодтан кейін, I`m a singer Kazakhstan сахнасында небәрі алты қатысушы қалды. Дегенмен, бесінші шығарылымда өте көп өзгерістер болады. Екі жаңа қатысушыдан басқа, жоба шоудың көп элементтерімен толыға түседі. Артистер өнер көрсеткенде, би қойылымдары, балет элементтері мен тамаша концерттік нөмірлер көрсетіледі. Сондай-ақ, шоу көрермендерін жаңа сахна мен ғажап декорациялар таңғалдырады. Сондықтан, "31 арнада" жексенбі күні, 22 қазанда өтетін, I`m a singer Kazakhstanатышулы шоуының жалғасын өткізіп алмаңыздар!


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай