31 тамыз 2017 17:47

I`m a singer Kazakhstan жобасының қазылар алқасының құрамына Әлішер Кәрімов енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлішер Кәрімов Әлішер Кәрімов

I`m a singer Kazakhstan жобасында қазылар алқасының құрамына Әлішер Кәрімов енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 


I`m a singer Kazakhstan жобасында қазылар алқасының құрамына Әлішер Кәрімов енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау басталмай жатып, халықтың бұл жобаға сұранысы артып жатыр.

"I`m a singer Kazakhstan жобасына қатысты ашылмаған құпиялар мен жауабы жоқ сұрақтар халықты мазалай бастағалы біраз уақыт болды. "Мұндай ауқымды байқау қалай өтеді? Оған Димаш қатыса ма? Жобаның қатысушылары кімдер" деген сұрақтар қызу талқыға түсіп жатыр. Ұйымдастырушыларға микрафон тоссақ болды, уақытында көресіздер, сабырлы болыңыздар деп, жылы жымиып құтылып кетеді", - дейді телеарна өкілдері.

Есесіне, жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, қатысушылардың тағдырын шешуде үлкен рөл атқаратын сарапшы қазылардың құрамы белгілі болды.

"Қазақстандық музыкасүйер қауымға айтар сүйіншіміз бар: қазылар алқасының құрамына ерекше дауыс иесі, елімізге белгілі әнші, халықтың сүйікті ұлы Әлішер Кәрімов енді. Әлішер кезінде Superstar Kz жобасына қатысып, халық арасында танымалдыққа ие болған әнші. Одан кейін де көптеген халықаралық байқауларда еліміздің намысын қорғап, бірнеше мәрте медальдармен, жүлделермен оралды. Ең бастысы, бүгінде Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де оның өнеріне табынатын жанкүйерлері көп. Сарапшылар құрамында Әлішердей талантты әрі кәсіби музыкант отырғанда, байқауда қалай жеңіске жетуге болатынын айтудың өзі артық шығар. Есесіне, сіздерге Әлішердің қазір қандай күйде жүргенін, шоуға қатысты не ойлайтынын ұсынғымыз келеді", - дейді ұйымдастырушылар.

"Мен де өнер жолын осындай жобадан бастадым, - дейді Әлішер Кәрімов. - Қазір де I`m a singer жобасында жұмыс істейтінімді ойласам, дәл сол кездегідей қолбажи бастаймын. Өзімді қатысушылардың орнына қоямын. Олардың қандай күйде болатынын жақсы түсінем. Сондықтан жай ғана қызыл сөзбен шығарып салмай, пайдалы кеңестер мен орынды сын айтқым келеді.

Байқауды қазірдің өзінде Қытайдағы нұсқамен салыстыра бастағанын айта келе Әлішер былай деді: 

"Әр елдің өз талғамы, менталитеті, қалауы, ерекшелігі бар. Қытайдағы тыңдарман бір әнді ұнатса, біз мүлде басқа әнді жақсы көреміз. Мұндай жобаларда орындалған репертуар көп жағдайда осындай факторларға тікелей байланысты. Ал шоудың техникалық жабдықталуына келетін болсақ, бәрінің жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Өйткені 31 арнаның әрбір жобаға аса мұқияттылықпен қарайтынын жақсы білемін.  Егер олардың шеберлігіне иненің көзіндей күдігім болсам, мен бұл жобаға қатысуға ешқашан келісім бермес едім. Қазақстанның алдында эстрадалық мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру мүмкіндігі тұр".

 Айта кетейік, I`m a singer Kazakhstan  24 қыркүйек күні сағат 21:00-де 31 эфиріне жол тартады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети