I`m a singer Kazakhstan телешоуында күтпеген жаңалық: Көш бастап тұрған әнші байқаудан шығып қалды

09 Қазан 2017, 14:16
0
I`m a singer Kazakhstan телешоуында күтпеген жаңалық: Көш бастап тұрған әнші байқаудан шығып қалды -

Әр жексенбі сайын 31 арна көрермедеріне I`m a singer Kazakhstan телешоуы арқылы тамылжыған музыка сыйлауды дәстүрге айналдырды. Өткен жексенбіде шоудың үшінші кезеңі көрсетілді. Алғашқы екі эпизодта көрермендер қатысушылармен танысса, қатысушылар мен көрермендер бір-біріне бауыр басып үлгерген үшінші кезеңде қиын жағдай болды. Музыкалық сериалитиден тағы бір әртіс шығып қалуға мәжбүр болды. 

Әңгіме тағы да Башқұртстан республикасынан келген қатысушы Айтуған Гайзуллин жайында. Ауқымды талант шоудың ең ерекше қатысушысы бұл жолы тағы да күтпеген нәтиже көрсетті. Әнші алғашқы екі кезеңде тоғызыншы орыннан бірінші орынға бірақ шығып, көрермендерді де, қазылар алқасын да таң-тамаша қалдырған болатын. Алайда үшінші кезеңде біріншіліктің кестесінен жай ғана түсіп қалған жоқ, тізімнің ең соңына орналасып, дауыс беру нәтижесі бойынша байқаудан шығып қалды. 

Есесіне, көрермендердің басым даусына Қытайдан келген әнші Ту Юнфу ие болды. Аспанасты елінің қас таланты аса танымал, хит әндерді орындауымен қазақстандық әнсүйер қауымның жүрегін жаулап алып, I`m a singer Kazakhstan шоуының рейтингінде алғашқы орындарға ие болып, кестенің бас жағынан орын тепті. 

Айтқандай, дауыс беруге залдағы көрермендер ғана қатыспайды. Шоуға қатысушылар да әр эпизод қорытындысы бойынша өз араларындағы ең мықтыны анықтайды. "Кештің ең үздік орындаушысы" деге атаққа ие болған әнші бір жағынан байқаудан шығып қалудан қорықпаса, екіншіден, келесі кезеңде нешінші болып сахнаға шығатынын таңдау мүмкіндігіне ие болады. Үшінші кезеңде ең үздік орындаушы атағы Алматы қаласының тұрғыны Марсель Әлсейітовке берілді. Әнші ең алғашқы шығарылымда тізімнің оныншы орнына тұрақтап, аса жақсы нәтиже бере алмаған еді. Алайда екінші кезеңде орнын нақтылап, қатысушылар тізімінің қақ ортасынан ойып тұрып орын алды. Ал үшінші кезеңде көш бастады.

Орындаушының өз сөзіне құлақ түрсек, оған шабыт беріп, жеңіске жетуге жетелейтін Амелия есімді қызы екен. Бүлдіршін бірінші кезеңде шоуға әкесінің импрессароисы ретінде қатысқан. 

"Ол менің барым. Бұл әлемдегі ең үлкен байлығым. Осындай ғажайып бергені үшін Құдайға мың да бір алғыс айтамын", - деп жас әнші жеңісінен кейін сезімге берілді. 

Марсель тізімдегі орнын сақтап қала ала ма? Тәжірибеден байқағанымыздай, бұған дейін орынды сақтап қалу бірде-бір әншінің қолынан келген емес. Оны осы жесенбі,  15 қазан 21:00-де 31 арнадан біле аламыз!


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай